Қаланы дамытудың бірегей жобасы

0 98

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен іске қосылған Birge платформасында идеялар ұсынудың екінші кезеңі аяқталды. Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын төрт идея анықталды. Жақын арада онлайн-дауыс беру үшін елордалықтардың тағы 30-ға жуық идеясы ұсынылады. Іріктелген идеялар алдағы IT-кеңесте қаралады.Birge платформасы. Бас қала тұрғындары қаланы дамытуға белсенді араласып, 290-нан астам идея ұсынды. Олардың басым көпшілігі білім беру, экология, қоғамдық кеңістік, урбанистика және әлеуметтік сала идеяларын қолдады.
Елорда тұрғындарының үздік идея­лары:
1) «Студенттік карта».
Идея авторы Д.Нығыманов «Білім беру» тақырыбы бойынша қоғамдық көлікке ақы төлеу, стипендияны толықтыру, университетке кіру, мекемелердегі жеңілдіктер және т.б. мақсаттарға бірыңғай студенттік карта жасауды ұсынды.
2) «Қоқысты бөлек жинау».
Идея авторы – Ж.Сансызбаев. «Экология» санатында көлік картасына немесе телефонға ақша аудара отырып, тұтас пластик бөтелкелерді, сыра, алюминий және шырын құтыларын жинау үшін терминалдар орнатуды ұсынды.
3) «Күйші Дина» атындағы сквер орнату».
О.Жақыпова «қоғамдық кеңістік» тақырыбы бойынша қалада сквер ашып, Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясын орнатуды ұсынды.
4) «Балалар арбасының, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, велосипедтердің кедергісіз өтуі үшін жиектастарды қайта жасау».
Б.Сәбденов урбанистика санатында осы идеяны ұсынып, балалар арбаларының, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен велосипедшілердің жүріп өтуіне ыңғайлы болу үшін көшелердің, жаяу жүргіншілер жолдарының, ғимараттардың, скверлер мен саябақтардың белгілі бір учаскелерінен кедергісіз өтуіне мүмкіндік беретін жиектерді арнайы съездермен жабдықтауды ұсынды.
Азаматтардың идеяларымен және іске асырылу барысымен Birge платформасындағы «іске асыру идеялары» бөлімінде танысуға болады.
Birge платформасы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында қаланы дамытудағы жобалар пулын қалыптастыру үшін құрылған. Мұнда маңызы бар ұсыныстар, дайын шешімдері бар қызықты идеялар қарастырылады.
Азаматтардың ұсыныстары да маңызды. Олардың негізінде қаланың жекелеген бағыттарын дамытудың жаңа жолдары ашылады. Азаматтардың қажеттіліктері негізінде жайлы қала құруға болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әрбір идея егжей-тегжейлі зерделеніп, тиісті органмен бірлесе қаралады. Ал жүйелі сұрақтарды iKomek-ке жіберу керек.
Қала тұрғындарының идеялары қабылданады және әрбір тұрғын елорданың дамуына үлес қоса алады. Іске асырылатын идеялардың толық тізімін мына жерден көруге болады (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/). Байланыс: 55 73 61. E-mail: digital@astana.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four − three =