©2020 Астана Ақшамы
Қаламызда қар қалың
Биыл қыс ерекше басталды. Қар қалың… Кешеден бері тағы да жапалақтап жауып тұр.
Табиғаттың бұл тосын мінезі елорданың тіршілігіне елеулі сын болды. Соған қарамастан тазалыққа жауап беретін кәсіпорындар мен ондағы қызметкерлер қаланы қардан тазалауға бар күшін салып жатыр. «Астана тазалық» кәсіпорны қысқы маусымға сақадай сай екенін көрсетті. «Қардың көп түсуіне байланысты кейде үлгермей жатамыз. Күніне шамамен 18 мың 249 текше метр қар түседі. Оған орташа есеппен алғанда 701 арнайы техника жұмылдырылады. Соның ішінде автогрейдерлер, көше көктайғақ болған жағдайда құм себетін көліктер де бар. Шамамен бір күнде 348 адам қолмен жұмыс істейді» дейді «Астана тазалық» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Алтын Нұржумина.
Сонымен қатар, қала бойынша аурухана, мектеп, аялдама маңайлары бірінші кезекте тазаланатынын айта кеткен жөн.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ