Қаламгерлермен онлайн кездесті

0 185

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық балалар кітап күніне орай балалар ақын-жазушыларымен онлайн-кездесу өтті.

Бұл мәні бар шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы, ақын-драматург, аудармашы Маржан Ершу және қаламгер Дария Жұмагелдинова қатысты.
Кездесу барысында сөз өнерінің тарландары қазіргі таңдағы жеткіншектердің кітап оқуы, балалар әдебиетінің ерекшелігі мен әр алуандығы жайында онлайн-дәріс оқыды. Және балаларды кітап оқуға қалай бейімдеуге болады, олардың жас ерекшелігіне қарай қандай көркем дүниелерді оқығандары дұрыс деген мәселелерді көтерді.
Сонымен бірге айтулы кітап күніне орай балалар тақырыбына өнімді жазып жүрген Байбота Қошым-Ноғай, Толымбек Әбдірайым, Тілеуғазы Бейсенбеков, Олжас Қасым, Асылан Тілеген, Серікбол Хасан, Дина Ораз, Әдина Жүсіп, Есей Жеңіс, Мирас Асан, Алмат Исаәділ, Әлібек Байбол секілді ақын-жазушылар өздерінің ой-пікірлері мен ізгі тілектерін бейнесюжет арқылы ­оқырманға жеткізді.
Айтпақшы, академиялық кітапхана ұйымдастырған 27 наурыз-2 сәуір аралығындағы «Маған ұнаған жыр» атты поэтикалық онлайн жыр байқауы да мәресіне жетті.
Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен Ұлттық академиялық кітапханада ақын, аудармашы Төрегелді Тұяқбай «Абай және аударма» атты оқырмандармен онлайн-кездесу өткізіп, ұлы тұлғаның шығармалары жайында парасатты ой толғады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 20 =