Қаламгерлер мерейі

0 15

Елордада Қазақстан Жазушылар одағының 150 мүшесі тұрады.Ұйымның Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры, белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының 2020 жылғы лауреаттарына куәліктерін тапсырып, мерейтой иелерін одақ төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің атынан құттықтап, сый-сыяпат жасады.
Халықаралық «Алаш» сыйлығының былтырғы лауреаттары – сатирик, тарих зерттеушісі Табыл Құлияс, жазушылар Мәди Айымбетов пен Толымбек Әбдірайым, ақын Тұрмағамбет Кенжебаев. Жылдың басында қарт қаламгер Медеу Сәрсеке 85 жасқа толды. Ал айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы өткен күзде жетпіс жасқа толды. Індетке байланысты «Алаш» сыйлығын тапсыру, мерейтой иелерін құттықтау уақытында мүмкін болмады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =