Қаламгерге құрмет көрсетті

0 114

Жақында белгілі жазушы-публицист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды. Нұр-Сұлтан қаласының Жазушылар үйінде аталмыш облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов қаламгерге тиісті куәлікті тапсырды. Елорда әкімдігінің атынан қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп құрмет көрсетіп, құттықтады.

255886854_10159559414433563_1958534545452575209_n

Шәрбану Бейсенова – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тумасы. Алғашқы туындылары да облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газеті мен «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты түрде жарияланып тұрды. Бірқатар мерзімді басылымдарда еңбектенді. Атап айтқанда, «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында, «Қазақ әде­биеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгеруші болды. Ақпарат министрлігінің баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман қызметін атқарып, жаңадан жарық көрген кітаптардың насихатымен айналысты.

Жазушының қаламынан туған әңгіме-повестері оқырман қауымның жоғары бағасын алды. Тарихи тақырыпқа да қалам тербеген қаламгер
«Сүзгінің  соңғы күндері» хи­каятын жазды. «Ұлы дала арулары» жобасы аясында «Сүйінбике», «Бозоқ аруы», «Ұрпағына ұран болған аналар» кітаптары жарық көрді.

Салтанатты шараға Шәрбану Қонақбайқызының қаламгер әріптестері – Мемлекеттік сыйлық иегерлері, ақын Несіпбек Айтұлы мен жазушы Әлібек Асқаров, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қатысып, туған жердің құрметті атағымен құттықтады.

Баян Асылбекова

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − twelve =