«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қаламгердің қоғамға ықпалы қандай?

0 197

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы шеңберінде ақындар Оңайгүл Тұржан, Жадыра Байбұланова және жазушы-драматург Роза Мұқановамен шығармашылық кездесу өтті. Жүздесуді аталмыш агенттік Жазушылар одағының Астана қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырды.

«Бұрын ақындармен, жазушылармен, кешегі қазақ әдебиетінің классиктерімен ел-елде, жер-­жерде кездесулер жиі ұйымдастырылатын. Қазір бұл дәстүр кенжелеп қалды. Жойылуға да шақ қалды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-­қимыл агенттігі басшымыз Алик Шпекбаевтың бас­тамасымен бұл дәстүрді жаңғыртып отыр. Себебі қаламгерлер елді бір ауыз сөзбен аузына қаратып, тәрбие беріп, оқырмандарға жағымды әсерлер сыйлайды» деді кездесудің тізгінін ұстаған агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.
Бүгінгі қоғамда рухани байлықтың алдына материалдық байлық шықты. Мемлекеттік қызметкер­лердің ісі бір басқа, ке­зінде халыққа ықпалы күшті болған қаламгерлердің ісі бір басқа болып кетті. Оқырмандар мен ақын-жазушылардың арасындағы байланыс нашарлады. Осы туралы әңгіме өрбіткен Оңайгүл Тұржан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-маңызына тоқталды.
Роза Мұқанова студенттік шағындағы Қадыр Мырза Әлі, Фариза Оңғарсынова, Бикен Римова, Хадиша Бөкеевамен кездесулерінен әсер алғанын жеткізді. Алдыңғы толқын аға-апаларының асыл бейнелерін еске алды. 20 жыл мемлекеттік қызмет істегенін айта келе, бұл жұмыстың оңай еместігін атап өтті.
Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының жетекшісі Бауыржан Қарағызұлы кездесуге қатысқан қаламгерлердің шығармашылығындағы ерекшеліктерге тоқталды. Емен-жарқын жүздесуге айналған кеште оқырмандар сұрақ қойып, өлең оқылды.
Мемлекеттік қызмет іс­тері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай кездесуді айына екі рет бейсенбі күні өткізуді ұйғарды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды