Қаламгерді қабылдады

0 23

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қайраткер-қаламгер Әкім Ысқақты қабылдап, асқаралы 60 жасымен құттықтады.

«Қазақ журналистикасы мен әдебиетіндегі орныңыз – бір төбе болса, тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихы мен бүгінгі жетістігіне сіңірген еңбегіңіз – бір төбе. Сіздің өмір жолыңыз бен атқарған еңбегіңіз жас буын үшін – үлгі-өнеге. Халықтың қалаулысы болып, заң шығарушы органда істеген жылдарыңызда еліміздің демографиялық ахуалына оң ықпал еткен көші-қон туралы Заңның қабылдануына үлес қосқаныңызды қоғам әрдайым жоғары бағалайды. Қазақстан Парламентаризмі тарихындағы бұл ерекше Заң Елбасымыз жаңа елордамызда алғаш болып қол қойған құжат ретінде де тарихта қалды» деп атап өтті А.Көлгінов.
Айта кетейік, Әкім Ысқақ еңбек жолын орта мектеп мұғалімінен бастап, кейіннен «Лениншіл жас» газетінің меншікті тілшісі болды. Жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет етті. 1996-1999 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 1999-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Парламенті Сенатының аппаратында еңбек етеді. Қаламгер ретінде 30-ға жуық еңбек жазған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + seventeen =