ҚАЛАМДАСТАР АРАСЫНДАҒЫ «ҚАЗСПОРТ» ЖҮЛДЕСІ

0 101

ERA_2979

31 мамыр күні «KAZsport» телеарнасының бір жылдығына орай «Астана-Арена» стадионында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында жарыс ұйымдастырылды. Турнирге 12 команда қатысып, қай-қайсысы да кубок жолында аянып қалмады.

Қатысушы командалардың арасында «Қазақстан», «KAZsport», «Астана», «Хабар», «24kz» телеарналарымен қоса «Қазконтент», «Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы» «Журналистер үйі», «Шалқар» радиосы, Ұлттық құрамалар штаттық дирекциясы және «Қазақстан» РТРК ұжымдары болды.

Бір күндік турнир нәтижесі бойынша, бірінші орынға «Хабар» агенттігінің командасы тұрақтады. Екінші орын Ұлттық құрамалар штаттық дирекциясының еншісінде кетті. Ал үздік үштікті «Қазақстан» РТРК ұжымы қорытындылады.

Сонымен қатар, жасыл алаңда шеберлігімен көзге түскен ойыншылар да ұйымдастырушылар тарапынан ұмыт қалмай, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауынша, үздік қақпашы болып Қанат Базылхан танылса, Асқар Мұхтаров үздік қорғаушы деген атқа лайық деп танылды. Ал әріптесіміз, «Астана ақшамы» газетінің аға тілшісі Нұрислам Құспанғали жарыстың үздік ойыншысы атанды.

Жайық Нағымаш

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 9 =