ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫН САЙЛАУ БОЙЫНША №2 ОКРУГТІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

0 97

№ 2 сайлау округі бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына
кандидаттарды тіркеудің күшін жою туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 104-бабы 6-тармағының 3, 3-1-тармақшаларын басшылыққа ала отырып, округтік комиссия 2014 жылғы 26 наурызда №2 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депу­таттығына кандидаттарды: Альфия Төлендіқызы Жанай­баеваны, Меруерт Жанатбекқызы Омариеваны, Жанат Базарбайұлы Омаровты, Рыспек Қазенұлы Өмір­зақовты, Самат Рыспекұлы Өмірзақовты, Елизавета Маратқызы Сағындықованы, Олжас Сәрсем­бекұлы Үкібасовты тіркеу туралы өз шешімінің күшін жойды. Ал, Жүсіпова Айгүл Серікқызын мәслихат депутаттығына кандидат ре­тінде тіркеу шешімінің күші оның жеке өтінішінің негізінде жойылды.

М.Жүсіпова,

округтік сайлау комиссиясының төрайымы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =