Қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына

0 102

1334724019_astana2

2014 жылдың 27 маусымында сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) бесінші шақырылған Астана қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Елордадағы энергетика кәсіпорын­дарының жай-күйі мен оларды дамыту және қызметінің тиімділігін арттыру шара­лары туралы;
2. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
3. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы «Астана қала­сының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Астана қаласында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасы туралы;
5. Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санат­тары­ның тізбесін айқындау қағи­дасы туралы;
6. Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы туралы;
7. Астана қаласында сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидасының бекіту туралы;
8. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы «Астана қала­сын­дағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
9. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыс­­тарын ұйымдастыру және Астана қа­ла­сы­ның аумағында тазалықты қам­тамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы;
10. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
11. Мемлекет мұқтажы үшін жер учас­ке­лерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы;
12. Астана қаласының көшесіне атау беру туралы;
13. Астана қаласы мәслихатың 2008 жылғы 24 сәуірдегі «Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру ережесі туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
14. Астана қаласы әкімдігі жанын­дағы кейбір ведомствоаралық комис­сия­лары­ның құрамдарына өзгеріс­тер енгізу туралы;
15. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
16. Қалалық мәслихаттың сессиясында айтылған сын пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы;
17. Астана қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы;
18. Қалалық мәслихаттың кезекті сессия­сының төрағасы туралы.

Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37

С. Есілов,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =