«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қалалық ассамблеяның сессиясы

0 218

Бүгін елордада Қазақстан халқы ассамблеясы Астана қалалық филиалының XVII сессиясы өтеді. Биылғы жиын Елбасының «Қазақстандықтардың әл-­ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халқымызға арнаған Жолдауын талқылауға арналған. Аталмыш шараға қала басшысы Бақыт Сұлтанов және мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысады деп күтілуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы алғашқы құрылған күннен бастап, барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, ел дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Бүгінде бас шаһарда 22 этномәдени бірлестік тіркелген. Кейбір бірлестіктерде жастар қанаты жұмыс істейді. Ассамблеяның қалалық филиалы олармен тығыз байланыс жасап, түрлі мәдени шараларды бірлесіп өткізіп жүр. Әсіресе, елорданың 20 жылдық мерейтойына орай көптеген шараларұйымдастырылды.
«Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 5-ші қазан күні жарияланған Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің орнықты одан әрі дамуына байланысты парасатты ойлар айтылған. Адамдардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға қатысты нақты міндеттер қойылды. Әсіресе, білім және денсаулық саласын жақсартуға басымдық берілді. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй мәселесі де көтерілді. Осы келелі мәселелердің бәрі – бүгін өтетін сессияда кеңірек қозғалады» деді Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды