«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қалалық алаң қашан және қалай жаңғыртылды?

0 7

Осыдан 65 жыл бұрын Ақмола қаласының орталық алаңын жаңғырту жұмысы жүргізілді. Қаланың байырғы тұрғындарының айтуынша, бұл жұмыс 1957 жылы басталып, 1958 жылы аяқталды. Яғни, бір жылдың ішінде жүзеге асты. «ҚазТАГ» архивінен алынған мына суретте содан көрініс берілген.

286988001_1163075964267310_8179943913122051318_n

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында биыл қалалық алаң түбегейлі өзгеріп, қала тұрғындарының бос уақыттарын жайлы өткізетін тартымды орынға айналды. Бірыңғай серуендеу маршрутына айналған жаңа қоғамдық кеңістік «Жастар» сарайынан Музыкалық жас көрермен театрына дейінгі аралықты қамтып, «Театр» жаяу жүргіншілер желекжолы, Ә.Мәмбетов көшесіндегі «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер желекжолы мен арбатты жалғап, қаланың тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті байланыстырады.

249791940_3008211676161584_7693154830311922655_n

Кешегі және бүгінгі техника салыстыруға келмейді. Оған қалалық алаңның жаңғыртылуынан хабар беретін мына сурет айғақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды