Қалаған емханаңызға тіркеліңіз

0 82

Еліміздің барлық өңірінде «Өз емханаңды таң­да!» деген ұранмен тұрғындарды емха­налар­ға тіркеу науқаны басталды. 15 қыркүйек күні бас­талған шара 15 қара­шаға дейін жалғасатын болады. Науқан аясында жергілікті жұрт көңілі толмаған ме­ке­мені бас­қасына алмас­тыра алады. Ал егер ем­деліп жүрген медицина ме­кемесіне көзқарасыңыз түзу болса, онда шараға қа­­тыс­­пауыңызға болады. Мұн­­дай жағдайда емханалар ондай азаматтарды ав­то­­­матты түрде келесі жыл­­ға тіркейді.
Естеріңізге сала ке­тейік, егер қандай да бір ме­кеме сізді өздеріне тіркеуге алу­дан бас тартса, ол заң­сыз болып табылады. Себебі, 2010 жылдан бас­тап рес­пуб­ликаның әр аза­маты­на медициналық ұйым­ды ер­кін таңдау құқы­ғы беріл­ген. Сондай-ақ, ден­саулық орталығы тұр­ғы­­лықты ме­­кен-жайы­ңыз туралы тір­­кеу қаға­зын сұра­татын бол­­са, ол да заң­сыз. Бүгінде тір­­кеу қаға­зы болма­са да әр азамат ме­ди­ци­налық кө­мек алу­ға құ­қылы. Мұн­дай жағ­дай­да тиіс­ті орган­­дарға шағым­да­нуыңыз­­­ға бола­ды. Тағы бір ес­­ке­ре­тін жайт, бұл шара тек ем­ха­­на­ларды таң­дау­ға ғана құқық бере­ді. Ал ел­орда­дағы рес­пуб­ли­калық ғылы­ми орта­лықтар бұған кірмейді.

 Қымбат ТОҚТАМҰРАТ 

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + fifteen =