ҚАЛАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫРАҒЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

0 85

Мемлекеттік  маңызды  шаралар  мен  мерекелер ке­зінде Астана қаласының полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істейтіні белгілі. Биылғы Наурыз мейрамында, сонымен қатар, сайлау кезінде де құқық қорғаушылар елорданың қауіпсіздігі мен тыныштығын  кірпік қақпай күзетті.

Қоғамдық орындар мен қала көшелеріндегі құқық бұзушылық пен ұсақ бұзақы­лықтың алдын алу үшін елордада 16 наурыздан бастап «Құқық тәртібі» атты жедел ұйымдастырылды. Оған 2 мың полиция қызметкері тартылды. Олардың қатарында ҚР Ұлттық гвардиясы да бар.

Құқық қорғаушылар көп­қабатты үйлердің аулаларын қарауылдап, тұрғындардың тыныштығы үшін күндіз-түні жұмыс істеді. Сондай-ақ, адам аяғы көп жүретін орындар мен ғимараттардың маңайы да арнайы бақылауға алынды.

Полицейлердің тәулік бойғы еңбегі еш кеткен жоқ. Олар 66 қылмыстың ізін суытпай ашты. Қолға түскен­дердің 8-і бұрын істі болғандар болса, 12-сі із­деу­дегі қылмыскерлер болып шыққан. Сондай-ақ, 4 адам есірткі заттарын заңсыз сақ­тағаны үшін ұсталды.

Жалпы «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы барысында елордалық полицейлер барлығы 5 мың әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның 800-і мас күйінде қоғамдық орындарда жүргені үшін ұсталса, 470 дерек қоршаған ортаға зиян келтіргенге байланысты болған. Ал 225-і ұсақ тәртіпсіздікке қатысты өрбіген. Ал түнгі мезгілде жалғыз өздері жүрген 30 жеткіншек ұсталған.

Жол жүру ережесін сақта­мағандар да полицейлердің құрығына ілінді. Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жер­гілікті полиция қызме­тінің инспекторы Ләззат Бисем­баева­ның мәліметі бойынша, 270 жүр­гізуші жылдамдықты шектен тыс асырғаны үшін ұсталса, 450-і қауіпсіздік белдігін тақ­пағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 370 жүр­гізуші көлік басқару кезінде телефонмен сөйлескені үшін, 19-ы машинаны мас күйінде айдағаны үшін ұсталды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 18 =