©2020 Астана Ақшамы
Қалада желекжолдар мен гүлбақтар көбейеді
Өткен жылы елорда әкімінің тапсырмасымен басталған сүрілген үйлердің орнына желекжолдар мен гүлбақтарын салу жұмысы биыл да жалғасады. Мұндағы мақсат – халықтың жайлы тұрмысы мен тынығуына, отбасылық демалысқа ыңғайлы жағдайларды жасау.
Қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, 2019 жылы саябақтар мен гүлбақтар құрылысы І.Есенберлин көшесіндегі №36 үй, Б.Майлин көшесі №9 үй, Ә.Молдағұлова көшесіндегі №19 және №21 үйлердің маңайында, Сарыарқа даңғылындағы №23 үй, Абай даңғылы бойындағы Күлтөбе көшесінен Ә.Сембинов көшесіне дейінгі және «Егемен Қазақстан» газеті көшесінен Б.Бейсекбаев көшесіне дейінгі аумақта жүргізіледі.
Сондай-ақ Жеңіс даңғылының және Ә.Жангелдин көшесінің қиылысында да жаңа гүлбақ салынады. Желекжолдар мен гүлбақтар толығымен абаттандырылып, жарықтандырылады. Аталған аумақта спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары, шағын архитектуралық нысандар орнатылады.