ҚАЛАДА КӘСІБИ МАМАНДАР ТАПШЫ

0 82

Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясына дайындалу барысында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Онда халықты жұмыспен қамту саласындағы іс-шаралардың тиімділігін арттырудағы өзекті мәселелер кеңінен сөз болды. 

Қалалық мәслихаттың хатшы­сы­ Сан­сыз­бай­ Ес­ілов­тің­ төр­­­­а­­­ға­­­лы­­­ғы­мен өт­кен ал­қа­лы жи­ын­­ға «Нұр­ Отан» ХДП Астана қа­­ла­­­лық фи­ли­а­лы төрағасының бі­­рін­­ші ор­ын­­басары С.Ахметов, ел­ор­­да­лық Кәсіподақтар кеңесінің төр­аға­­сы С.Мыңбаев және қалалық ат­қа­ру­шы органдардың басшыла­ры,­­ бі­лім­ беру мекемелерінің, қо­ғам­­­дық­ бір­­лес­­тік­­тер­­дің өкілдері, ха­­лық қа­лау­лы­ла­ры және жұмыс бе­­­ру­­ші­лер­ қа­тыс­ты.

Алдымен Астана қаласы Жұмыс­пен­ қамту және әлеуметтік бағдар­ла­ма­лар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева сөз алды. Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған жаңа Жолдауында әлеуметтік мә­се­ле­лер­ге мейлінше көп көңіл бөл­ге­нін, әлемдік тұрақсыздықтың бас­ты­ қа­тері жұмыссыздықтың өсуі­ екенін ескере келе, басқарма бас­ты­ғы елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та­ – бар­лық­ бағ­дар­ла­малар, тек әл­де­бір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қам­та­ма­сыз етуі тиіс екенін тілге ти­ек­ ет­ті. «Біз­дің­ бас­ты мақсатымыз – әлеу­мет­­тік қауіпсіздік және азамат­та­ры­мыздың бақуаттығы. Бұл – қоғам­да­­ғы­ тұ­р­ақ­ты­лық­тың­ ең­ жақ­сы ке­пі­лі. Осыған орай біз еңбекпен қам­та­ма­сыз ету және еңбек төлемі сая­са­тын жаңғыртуға тиіспіз» деді А.Алтыбаева.
Оның айтуынша, жұмыссыз аза­мат­­тар­­ды еңбек нарығына бейім­­­­деу, қолдау және жұмысқа орна­лас­тыру мүмкіндіктерін арттыру­ мақ­са­тын­да басқарма жұмыс iз­деп ха­бар­ласқан азаматтарға жұмыс­сыз­дық­тан әлеуметтiк қорғаудың бел­сендi шаралары, оның iшiнде лай­ық­ты жұмыс iздеуге жәрдемдесу, жұ­мыс­сыз­дарды кәсіптік даярлау­ және қайта даярлау, ақылы қоғамдық жұ­мыс­тар­ды, сондай-ақ жұмыспен қам­ту­ саласында әлеуметтік қор­ғау­дың қосымша шараларын ұй­ым­­дастырып, оқудан бос уақыт кезінде оқитын жастарға ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіптік дип­ломнан кейінгі тәжірибе – «Жас­тар­­ тәжірибесі» және халықтың ныса­налы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырып келеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дарламасы аясында атқарылып жатқан игі істер де жұмыссыздар санын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Жалпы,­ елордалық жұмыссыздар­дың­ дені әйелдер мен жастар екен.

Бүгінгі таңда жастардың жоғары білім алуға құлшынысы артуда. Ол­ар­дың көбі экономист, заңгер бо­лу­ға ниетті. Мәселен, өткен жылы­ Астанадағы жоғары және орта кәсі­би­ білім беру орындарын­ тәмәм­да­­ған 9 мыңнан астам студенттің 55 пайы­зы дәл осы мамандықтар бой­ын­ша білім алып шыққан. Бірақ, олардың барлығы бірдей жұмысқа орналасты деп айту қиын. Себебі, қа­ла­да­ кә­сіби мамандар тапшы. Осы­ған­ орай, дөңгелек үстел барысын­да Астана қаласы кәсіподақтары кеңесінің төр­аға­сы Сәрсенбай Мыңбаев тұр­ғын­­дарды еңбекпен қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу,­ еңбек­ті қорғау, еңбек ететін адам­ға жағдай жасау, уақытында тиісті жалақысын беру қоғамды толған­ды­рып жүрген мәселелер екенін ескертті. Бұл мәселеге Елбасының да барынша маңыз беріп отырғанын жеткізген ол­ ста­тис­ти­­ка­лық­ мә­лі­мет­тер бо­йын­­­ша, 230 мың ғана халқы бар­ сонау Целиноград кезінде қала­мыз­­да 16 кәсіби-техникалық білім беру мекемесі болса, бүгінде халық санының еселеп өскеніне қа­ра­мастан, Астанада олардың саны екі есеге дейін азайғанын айт­ты. Маңызды мәселенің бірі – жас­тар­дың­ жұмыспен қамтылуы екенін тілге тиек еткен С.Мыңбаев қазіргі кезде көп жастар тәжірибенің бол­мау­ы­нан жұмысқа орналаса алмай жүр­генін жеткізді.

Жұмыссыздық мәселесі мүмкін­ді­гі шектеулі азаматтарды да алаң­да­туда. Астанада 17 мыңға жуық мүгедек болса, олардың тек 6 пайы­зы ғана жұмыспен қамтылған. Бұл ретте Қазақстан мүгедектері одағы президентінің кеңесшісі Жадыра­сын­ Садуақасовтың айтуынша, жыл­ сай­ын­ елімізде мүгедектер саны өсіп отыр. Мүмкіндігі шек­теу­лі адамдардың қоғамға арала­суы­ әлі де қиын. Сондықтан, олар­ға ақпараттық қолдау мен психоло­гия­лық көмек қажеттігін алға тартқан Ж.Садуақасов мүгедектерді оқыту мен олардың жұмысқа орна­ла­суына көмек сұрады. Осыған орай, мәслихат хатшысы халық қа­лау­­лы­ла­рын мәселенің шешілуіне қол­дау білдіруге шақырды. Бұл рет­те депутаттар М.Оралов, Б.Сол­са­нов, М.Шекенов, Т.Оразақов қалада жұмыспен қамту мемле­кет­тік саясатын іске асыру мақ­са­тын­да жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тар­ға қарамастан, еңбек на­ры­ғы теңгерусіз қалып, білікті кадр­лар­дың­ жетіспеушілігі орын алып отыр­ған­дығы турасындағы ойла­рын­ ортаға салды. Осыған орай, жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмыс­пен қамтамасыз етуі, ең­бек­ адамының жоғары өнімді жұмы­сы үшін жағдайлар жасау­ жауап­тылық­та­рын­ арт­тыру қажеттігі де сөз бол­ды. Бұл ретте еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз жастардың жағ­дайы­ ерекше алаңдаушылық туғы­зып отыр. Сондықтан, дөңге­лек­ үстел қатысушыларының талқы­лау­лары мен ұсыныстарын түйіндей келе С.Есілов жұмыспен қамту мем­­ле­­кет­тік саясатын іске асыру­ жө­нін­дегі қызметтерде, сонымен қатар мүгедектерді жұмыспен қамтуда нәти­же­лерге жету үшін тек қалалық басқармалар мен мемлекеттік құры­лым­дар­да ғана емес, қоғамның бар­лық мүдделі жақтары мен жеке сек­тор­лар­дағы және азаматтық қо­ғам­дағы қызметтердің тиімді үй­лесім­ді­лігі қажет екендігін атап өтті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 10 =