ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ҰДАЙЫ НАЗАРДА

0 119

Кеше қала әкімдігінің аппарат отырысында елорда әкімі  Әділбек Жақсыбеков Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жаңа басшысын таныстырды.  Бұл қызметке бұрын аталмыш басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған Әліби Жұмаев тағайындалды.

Сондай-ақ, жиын барысында «Таза қала – бақытты қала» атты жалпықалалық  сенбіліктің  қорытындысы  шығарылып,  қаланы  абаттандыру мен тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да өзекті мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, өткен сен­бі­лік­­те бас-аяғы  16 мың көшет отырғызылып, 163 мыңға жуық ағаш әктелді. 4,1 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық қала шетіндегі күресін полигонына көмілді.
Әділбек Жақсыбековтің айтуынша, астаналықтар өткен сенбілікке белсене қатысты.  «Алайда, бұл – бір күндік шара емес, қала тазалығын ұдайы назарда ұстау қажет. Әсіресе, азаматтардың «халықтық бақылау» бойынша келіп түскен өтініш-тілектерін ескерген жөн» деп, қала әкімі әуежай жанында құрылыс қалдық­тарының заңсыз үйіндісі пайда болғанын  жазған тұрғынның шағымын мысалға келтірді. Бұл сұрақ бойынша Экологиялық  полиция  мен  тиісті мекемелерге тәртіп бұзушыларды анықтап, әуежай  аумағын  ретке  келтіру тапсырылды.  Ә. Жақсыбеков аудан әкімдеріне де өз аумағындағы рұқсатсыз қоқыс орындарының бар-жоғын тексеру керектігін қадап айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 2 =