ҚАЛА ҚАЛАЙ ГҮЛДЕНЕДІ?

0 129

Көктем келсе, айналамыз жасыл желек жамылып, көркейіп шыға келеді. Өткен сенбілікте тұрғындар 16 мың түп ағаш отырғызып, шаруақорлар көгалдандыру жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Енді елорданың көркіне көрік қосылып, гүлмен көмкерілетін сәт те алыс емес. Қазір гүлзарлардың орындары ретке келтіріліп, дайындалып жатыр. 15 мамырдан бастап барлық аудандарда жаппай гүл отырғызу маусымы басталады.

ERM_7747

Елорданың келбетіне өң беру үшін гүлзарларды безендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Қаламыздағы гүлбақшалардың жалпы аумағы 162 мың 288 шаршы метр жерді алып жатыр. Оның ішінде 5 мың 156 шаршы метріне былтыр көпжылдық гүлдер отырғызылған. Бұл іс биыл да жалғасып, 2 мың 565 шаршы метрге 44 мың 891 дана гүл егу көзделген. Яғни, қала сарыгүл, қалампыр, қыз­ғалдақ, раушангүл секілді ұзақ мерзімді гүл­дермен ажарланады.
Ал 147 590 шаршы метр­ге бір жылдық гүлдерді егу жоспарланған. Мау­сымдық гүлдердің жалпы саны – 7 млн 709 мың 857 дана.
– Шаһардың шырайын келтіретін гүлдердің бабы біздің ұдайы назарымызда болады. Оларды егу, өсіру, қоршауларын жасау, күтіп-баптау үшін мыңнан аса адам жұмысқа тартылады. Оның қатарында гүлдің бабын бес саусағындай білетін өзіміздің бағбандар да болады. Қазір біздің жылыжайларда саялы қаланың сәнін ашатын гүлдер дайындалып қойды. Жалпы биыл Алматы ауданында – 50 мың шаршы метр, Есіл ауданында – 90 мың шаршы метр, Сарыарқа ауданында 20 шаршы метр жерге гүл егіледі, – дейді «Астана көгалдандыру құрылысы» акционерлік қоғамы басшысының орынбасары Бибігүл Бектемісова.


Оның айтуынша, Астанада биыл Франциядан келген 25 мың гүл жайқалады. Сондай-ақ, Голландиядан қызғалдақтың 5-6 түрі бойынша 100 мыңдай баданасын сатып алу жоспарда бар екен. Көп жылдық гүл­дердің тұқымдары күзде себіліп, бүрін тек келесі жылы мамыр, маусым айларында ашады. Бұл қызғалдақтар ендігі көктемде Есіл ауданының Ислам орталығы, Бәйтерек сынды ірі нысандар аумағында өсіп шығады.
Сонымен қатар, қала бағ­бандары көшелерде көздің жауын алатын гүлмен өрілетін аспалы бақтар мен қыш құмыралы гүлдерге айрықша мән беріп отыр. Аспалы бақ­тарды құрастыру үшін 3 мың 486 дана гүл қолданылады. Ал құмыраларға 676 гүл егілмек.
Бұған қоса, жол бойында түрлі құстар мен жануарларды бейнелейтін 19 сәндік пішіндер орналастырылады. Оған 642 мың 835 түп гүл пайдаланылады.
Гүлге оранатын қаланың бағбандары гүлдердің то­пы­рағын айына 2 рет қопсы­тып, 4 рет суғарып тұрады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 1 =