«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қала өмір сүруге қолайлы болуы тиіс

0 153

Астана әкімі қаладағы екі ауданның жұмысымен танысты.

Байқоңыр ауданына қарасты «Жастар» мөлтекауданында но-хау енгізілген «ақылды» жобалар көп. Соның бірі Бараев көшесіндегі №12 үйде смартфон арқылы кіреберісте не болып жатқанын онлайн көруге болады. Кейбір үйлерге пәтерге қоңырау шалатын жүйесі бар шлагбаум орнатылған. 12 және 14-ші үйлерде «Вавиот Азия» ЖШС инвесторлары қайтарымсыз негізде орнатқан радиомодульдік су, газ, электржабдықтау есептегіші жұмыс істейді. Шара кезінде Бақыт Сұлтанов «Astana Clean Time» мекемесінің қалдықтарды бөлек жинайтын жобасының концепциясымен де танысты. Жаңадан ашылған «Байқоңыр» аула клубы мен «Workout» көше алаңын көргеннен кейін, Алаш көшесіндегі Орталық базардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына назар аударды. Айта кетейік, 2017 жылдың мамырында басталған құрылыс нысаны 2023 жылы пайдалануға беріледі.
Ал Алматы ауданын аралау барысында Бақыт Сұлтанов «Алма» скверінің құрылысын және «Сказочный мир» тұрғын үй кешені ауласындағы абаттандыру жұмыстарын тексерді.
«Саябаққа бару үшін адамдар қаланың орталығына келіп әуре болмауы тиіс. Гүлзарлар, аула клубтары, көше тренажерлері аттам жерде қолжетімді, тұрғындарға ыңғайлы болуы керек. Астанада кез келген ауданда өмір сүру жайлы болуы тиіс» деді ол.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды