Қала маңына қоғамдық көлік қатынай бастады

0 52

Кешеден бастап бас қаламыздың маңындағы барлық бағыттар бойынша қоғамдық көлік қатынай бастады. Көліктер сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді.Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады. Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады. ҚР бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына сәйкес, жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Қаулының орындалуын Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бақылайды. Олар қоғамдық көліктегі санитарлық нормалар туралы түсіндіру жүмыстарын жолаушылармен күнделікті жүргізеді. Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсіріледі. Жүргізушілерге автобус­тағы жүктеме 50 пайыздан аспауы керек деген талап сақталады.
Жол ақысын қолма-қол ақшасыз жүргізу қажет. Ол үшін көліктік карта, балама төлем түрлері қарас­тырылған – SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасымен елорданың қоғамдық көлігінде тегін жүреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × four =