Қала көркі – қоғамдық кеңістіктер

0 32

Соңғы жылдары елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» тұжырымдамасы аясында қоғамдық кеңістіктерді құру қарқын алып отыр. Бұрынғы ескі үйлердің орнына, көше бойларына салынған шағын саябақтар, ойын және спорт алаңдары қала тұрғындарының жиі баратын, бос уақытын тиімді пайдаланатын орындарға айналды.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістікті салу пен абаттандыру жоспарланса, осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Елорданың әрбір ауданында жаңа қоғамдық қоғамдық кеңістіктерді және аулаларды салу және абаттандыру бойынша нақтылы жобаларды іске асыру көзделген. Мәселен, Сарыарқа ауданында биыл 7 аула мен 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. Қазір осы нысандарды абаттандыру жұмыс­тары қызу жүріп жатыр. Атап айтқанда, «Көктал-1» тұрғын алабында Ақтолқын-Бастаңғы көшелері мен Жұмбақтас көшесінің қиылысында орналасқан 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде футбол алаңы, воркаут-аймақтар, балалар ойын алаңдары орналасқан. Сонымен қатар саябақтарда, скверлерде, бульварларда тұрғындардың демалуы үшін тыныш аймақтар қарастырылып, шырша, үйеңкі және бөртегүл отырғызылды.
Сондай-ақ биыл «Агроқалашық» тұрғын алабы аумағында Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда сквердің жобасы бекітілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − ten =