ҚАЛА КӨРІКІН БҰЗАДЫ

0 94

Астанада жыл басынан бері белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша 1600-ге жуық құқық бұзушылық анықталған.

Жаз басталғаннан бері қаланың әр бұрышында балмұздақ, жеміс-жидек және тағы басқа ұсақ-түйек саудамен айналысып отырғандарды жиі көреміз. Тіпті, олардан қажетті дүниемізді сатып аламыз. Ол заңды ма, заңсыз ба мән бермейміз. Әйтеуір, керегімізді алсақ болды. Сөйтсек, олардың көбінің кез келген жерде сауда жасауға құқықтары жоқ екен. Оны біз елордалық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен рейдке шыққанда байқадық. Жаз басталғаннан бері қаланың әр бұрышында балмұздақ, жеміс-жидек және тағы басқа ұсақ-түйек саудамен айналысып отырғандарды жиі көреміз. Тіпті, олардан қажетті дүниемізді сатып аламыз. Ол заңды ма, заңсыз ба мән бермейміз. Әйтеуір, керегімізді алсақ болды. Сөйтсек, олардың көбінің кез келген жерде сауда жасауға құқықтары жоқ екен. Оны біз елордалық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен рейдке шыққанда байқадық.  – Біз күнара тексеріске шығамыз. Ол үшін арнайы мобильді топ құрылды. Оның құрамына Жергілікті полицияның қызметкерлері, әкімдік мамандары және Астана әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның өкілдері кіреді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-бабында анық көрсетілген. «Белгіленбеген орындарда сауда сату» бойынша ескерту немесе  5 айлық (11 345 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Егер де ол бір жыл ішінде тағы қайталанса, 10  айлық (22 690 теңге) айыппұлға өседі. Сондықтан бәрі заң аясында жүргізіліп жатыр. Алты айдың ішінде мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды. Оның жалпы сомасы 1 508 885 теңге көлемін құрады. Әсіресе, жабайы сауда адам көп жүретін орындарда жиі кездеседі. Мақсатымыз – соның алдын алу, – дейді Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің бастығы  Азамат Садықов. Біз рейд барысында қаладағы Республика даңғылын араладық. Адам көп жүретін көшелердің бірі. Айтқандай болмады, даңғыл бойынан оңға жуық жабайы саудамен айналысып тұрғандарды көрдік. Барлығы да балмұздақ сатып тұр. Күн ыстық. Олай-былай өткендердің бәрі балмұздақ алуға кезекке тұрған. Сатушылардың қолында құжат жоқ. Ешқандай санитарлық талап сақталмаған. Полиция мамандары сол жерден олардың құқық бұзушылықтарын анықтады.Жалпы, елордада шағын орта бизнеспен айналысамын дегенге кең жол ашылған. Қалалық кәсіпкерлерге көше саудасына 1000 орын бөлінген.

Ол бағдарламаны жүзеге асырушы – Астана әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Аталған орындарды бөлу үшін жауапты органдардан жасақталған комиссия жұмыс істейді. Сол бағдарлама шеңберінде белгіленген орындарда сауда жасап тұрғандарға да бардық. Барлық мүмкіндік қарастырылған. Тоңазытқыш жұмыс істейді. Сатушылар арнайы форма киген. Санитарлық талапты сақтаған. Қысқасы, көрген адамның көзі тояды.– 1000 орын бөлінген көше саудасы аясында кәсіпкерге бекітілген талаптар бар. Алдымен, оның белгіленген орны болу қажет. Санитарлық талаптарды сақтап, айналасын таза ұстау керек. Бүгінде аталған бағдарлама бойынша берілген жер учаскелеріне кәсіпкер бір жылға 1 ш. метрден 20 ш. метрге дейін әр шаршы метрге 20 мың теңге төлейді.

Егер 20 ш.м мен 30 ш. м аралығында болса, 16 мың теңге, 30 шаршы метрден асса, 14 мың теңге төлейді. Мәселен, жерді 1 жылға немесе 7 жылға дейін шарт жасап алуға болады. Біз жақында корпорациясының порталына осындай 50 жер учаскесінің тізімін бердік. Оған кез келген адам құжаттарын тапсыра алады. Бір айта кететін нәрсе, егер де кәсіпкерге әкімдік, полиция тарапынан құқық бұзушылық анықталса, біз алдымен оған ескерту жасаймыз. Ол тағы қайталанса шартты бұзамыз. Мұның бәрі қаладағы шағын орта бизнестің сапасын көтеруді көздейді, – дейді Астана әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілі Сәкен Әділбек.Иә, жабайы сауда әсем Астананың мерейі мен мәртебесіне сай емес. Олар салықтан жалтарумен қатар, қала көркін де бұзады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − one =