Қала басшысы Президентке есеп берді

0 8

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Қала басшысы Президентке Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндады. Сондай-ақ Алтай Көлгінов қаланы абаттандыру және жылу беру маусымы жөнінде ақпарат берді.
Президент әкімге жұмыспен қамту, әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларды қолдау, үлескерлер мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау қажеттігін атап айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды