ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0 119

76ccc2b4cd2145a84d95b3901d5

Қала басшысының өкімімен Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қ. Айтмұхаметов тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Энергетика, сумен қамту, газбен қамту ұйымдарының жұмысын үйлестіруді, тіршілікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану салаларында өңірлік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Кеше аппараттық кеңес барысында Әділбек Жақсыбеков өзінің жаңа орынбасарын ұжымға таныстырды. Елорда әкімі бұрынғы қала басшысының орынбасары Василий Крыловқа атқарған қызметі үшін алғыс білдірді және жаңа қызметінде табыс тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =