Қала әкімі ­онлайн- конференция өткізеді

0 26

2021 жылғы 17 қыркүйекте сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін «электрондық үкімет» порталында (egov.kz) Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен интернет-конференция өтеді.

Конференция елорданың шет аумақтарын дамыту; көлік және жол-көлік инфра­құрылымын дамыту саласындағы түйткілді мәселелерді шешу; білім беру саласын дамыту; тұрғын үй саласындағы түйткілді мәселелер; үлестік құрылыстың проблемалық нысандары; елорданың кварталішілік және жалпы қала аумағын абаттандыру; Нұр-Сұлтан қаласына газ қосу және жабдықтау (газдандыру) тақырыптарын қамтиды.

Конференцияға қатысуға ниет білдіргендердің бәрі egov.kz сайтына кіріп, өз сұрақтарын қалдыра алады («Ашық диалог» қосымша беті – интернет-конференция­лар, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы кіру).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + nineteen =