ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРЫСЫ

0 116

c-3-asli

Астанада демалыс күндері Даун синдромына шалдыққан балаларды қолдау мақсатында «Күнкросс» шаңғы жарысы өтті. Жарысқа 70 шаңғышы қатысып, өзара жүйрік­терін анықтады.

Аталмыш шара «Солнечный мир» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Оған қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Ұлттық шаңғы жарыстары федерациясы және №2 Балалар мен жасөспі­рімдер спорт мектебі мұрындық болды.
Жарыста ең кішкентай шаңғышылар 50 метр қашықтықты бағындырды. Ұлдар арасында 1 шақырымды еңсерген Набен Бақытжан бәрінен бұрын келді. Ал қыздардың ішінен Анастасия Федорова жеңімпаз болды. Одан кейінгі орынды оның сіңлісі Эвелина Федорова алды.
Үлкендер арасында жігіттерден Дәурен Аужани мен әйелдерден Шынар Қалиева үздік болды.
Ал ең ұзақ қашықтыққа жарысқандардың арасынан Андрей Герасименконың аты озды.
Бұл қайырымдылық жарысынан түскен қаржы аса мұқтаждығы бар балалардың оңалуына жұм­салмақ. Бүгінде Астанада дамуында ауытқушылығы бар 300-ден аса бала бар.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 7 =