Қайырымдылық жарысы өтеді

0 106

Нұр-Сұлтан қаласында 21 ақпан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелей жарыстар өтеді.

Жарысқа тіркеу жарналарынан түскен қаржы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қайырымдылық қорының «Саламатты болашақ» және «Спорт баршаға! Шексіз спорт!» әлеуметтік жобаларына аударылады. Бұл жобалар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дене шынықтыру және спорт арқылы қоғамға етене араласуына көмектеседі.
Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық Триатлон федерациясы ұйымдастыратын жарыстар қысқартылған супер-спринт қашықтығында: жүгіру – 2 км; велоэтап – 3 км; шаңғы 2,5 км өткізіледі.

Жарысқа 18 және одан жоғары жастағылар, денсаулығында спортқа қарсы кінәраты жоқ тілек білдірушілердің бәрі жеке старт арқылы қатысады, уақыт аралығы – кем дегенде 20 секунд құрайды. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған әрбір қатысушы мәре сызығында естелік медальмен және дипломдармен марапатталады.
Ал жарыста 1-3 орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон федерациясының кеңсесінде марапатталады.
Бүгінгі күнге дейін жарысқа қатысу үшін 173 адам тіркелді.
Барлық санитарлық нормалар сақталып өткізілетін қайырымдылық жарыстар 21 ақпан күні 8:45-те Триатлон паркінде басталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + thirteen =