«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қайырымдылық велошеру

0 219

Астанада әуесқойлар арасында қайырымдылық велошеру өтті.

«Салауатты жүрек айлығы – 2018» іс-шаралар аясында өткен шараға 200-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Игілігі мол шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау арқылы елорда тұрғындарының арасында жүрек ауруларының алдын алу. Ал жиналған қаржы кардиохирургия саласындағы білім және ғылым саласын дамытуға жолданады.
Жиынға әлемдік турнирдің кәсіби велоспортшысы, Қазақстан мен Азия чемпионы Жандос Бижігітов қатысып, астаналықтарға үлгі көрсетті. Ұзындығы 8 шақырымға созылған әуесқойлар арасындағы велошеру Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығынан» басталып, Тұран және Ұлы Дала даңғылдары, Мәңгілік Ел және Керей, Жәнібек Хандар көшелерімен жалғасты.
Айта кетейік, «Салауатты жүрек айлығы – 2018» іс-шараларын ұйымдастыруды «Ұлттық кардиохирургиялық орталығы» АҚ бастамасымен құрылған «Жүрек орталығы» қоры қолға алған. Аталған қор клиниканың ғылыми және білім беру қызметін ілгерілете түсу, сол сияқты еліміздегі кардиохирургиялық қызмет ісін дамыту үшін құрылған.

Аян ӘБДУӘЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды