ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚУАНЫШЫ

0 135

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен өткізіліп жатқан «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясына «Астана ақшамы» газетінің редакциясы ұжымы да өзіндік үлес қосты.

erm_7351

Редакция қызметкерлері жинаған қаражат астаналық Арман Әубәкіровке табыс етілді.
Арман Оралұлы Әубәкіров – бірінші топтағы мүгедек жан. Бала кезінен сыр­қаттанған. Ол «Астана ақшамы» газетінің тұрақты оқырманы әрі қоғамдық тілшісі. Арман – шығармашыл адам. Мақала жазады, сурет салады. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Астана ақшамы» газетінің қолдауымен жинақ-кітабы жарыққа шыққан. Жасы биыл 40-қа толды. Бұрын өзі жүріп-тұрып, редакцияға келіп-кетіп жүретін еді. Өкі­нішке қарай, абайсызда, ойламаған жерде жол апатына ұшырап, емін-еркін жүре алмайтын болып қалды.
Біз келіп көмегімізді білдіргенімізде, Арман да, оның анасы да қатты қуанып, бізге де, осындай қайырымдылық акция ұйымдастырып жатқан қала әкімдігіне де қайта-қайта ризашылығын білдірді.
Жүрегі жайсаң, шығармашыл азаматтың көңіл-күйінің көтеріліп қалғанына өзіміз де марқайып қалдық.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =