Қайырымдылық концерті

0 42

Елордада «Дегдар» қайырымдылық қоры мен «Қазақконцерт» мекемесі «Таң­ғажайып әуен» фестивалі аясында қайырымдылық кешін өткізді.Кеште балаларға арналған оперетта мен мюзиклдердің танымал ариялары шыр­қалды. Дариға Назарбаева, Медет Шотабаев, Мейір Байнеш, Әлфия Кәрімова, Азат Мәлік, Азамат Жылтыр­көзов, «FORTE TRIO» тобы, «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі мен хоры, сондай-ақ дирижер Абзал Мұхитдинов меймандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Дегдар» қорының директоры Лаура Ахметованың айтуынша, былтыр осы фес­тиваль кезінде 52 миллион теңге қаражат жиналып, ол төрт ауылдық балалар үйі арасында бөлініпті.
– Биыл қайырымды­лық­тан түскен ақша ауыл­дық жерлердегі төрт бала­лар үйінің, атап айтсақ, Ақмола облысындағы балабақша-мектеп-интернаттың, Шығыс Қазақстан облысындағы №8 балалар үйі­нің, Қарағанды облысындағы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Литвинск мектеп-интернатының және Қостанай облысындағы орталық жүйке жүйесі зақымдалған және психикасы бұзылған балаларға арналған Рудный мамандандырылған балалар үйінің қажеттілігіне жұмсалады, – деді ол.
Қаражат сонымен қатар ерекше актерлер театрының жұмысын қолдауға да бағытталады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды