Қайырымдылық керуені

0 138

веложарыс

Елорда халқын салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында көптеген игі шаралардың қолға алынып жатқаны жасырын емес. Солардың бірі ретінде халықты жаппай велоспортқа тарту аясында ұйымдастырылатын жарыстарды айтуға болады.

Екінші жағынан, қан айналымды қалыпқа келтіріп, дене қуатының одан әрі артуына себепші болатын велоспорттың болашағына деген сеніміміз де арта түсуде.
Астана күні жақындаған сайын қолға алынып жатқан бұқа­ралық шаралардың ішінде велосипед тебу­шілерге де уақыт бөлінді. Оны қала әкімі Иманғали Тасмағам­бетовтің өзі бастап, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бақтияр Артаев секілді Олимпиада чемпиондары қолдау көрсетті. Сонымен қатар, кәсіпқой спортшылармен тізе қоса отырып алға ұмтылған әуесқойлардың соңынан жедел жәрдем көліктері еріп отырды.

БЕДЕЛСӨЗ

Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов:

«Сүйікті қаламызға махаббатымызды қалай көрсетеміз?! Әрине, оның жолы сан тарау. Соның бірі, міне – бүгін сіздер демалысқа қарамастан таңмен шығып, спорт шеруіне қатыстыңыздар! Осылайша елордаға деген сүйіспеншіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Ол үшін өз атымнан, Астананың барлық халқының атынан мың да бір рахметімді айтамын».

«Қайсар керуен» атты веложарыс Салтанат сарайы алдынан «Астана-Арена» стадионы аралығындағы 4600 метр қашықтыққа созылды. Көпшілік оны жарты сағат шамасында бағындырды. Жарысқа ресми түрде тіркелген қатысушылардың жалпы саны – 1500 адам. Ал, нөмірсіз бейресми спорт әуесқойларын есепке алар болсақ, барлығы 2000 адам шамасына жуықтайтыны анық. Тіпті, сөре басынан осы бір ізгі шараға өз үлесін қосқысы келіп үш дөңгелекті «Балдырған» велосипедін мінген 3-4 жасар сәбиді де байқадық. Велошеруден түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортына бө­лінетін болып шешілді.

Нұрислам Құспанғали

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 3 =