ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

0 116

IMG_5318

Елорданың «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті мұқтаж жандарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Елбасы кезекті Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне Қазақстанда ешқандай кедергі болмауы тиіс» деп қазақ қоғамына үндеу тастағаны белгілі.  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ел аумағындағы мешіттерге қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру жөнінде арнаулы тапсырма берген еді. Осындай ізгі мұраттар аясында елордалық мешіт  қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастыруды қолға алды. Мәселен, Астана қаласындағы №36 орта мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан жеткіншектердің ата-аналарына көмек көрсетілді. Мешіт тарапынан 40 отбасына қажетті азық-түлік және мүмкіндігі шектеулі  жасөспірімге мүгедек арбасы сыйланды. Бас имам Жұманазар Садырхановтың айтуынша, мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету жұмыстары әлі де жалғасады. Игі шара аясында  «Академия» мектепке дейінгі білім беру мекемесі де 20 отбасыға демеушілік танытты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − two =