ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ВЕЛОСИПЕДКЕ ҚОНАДЫ

0 120

253465-0beb5f5c661a0eb8ebbbf0c21f6

Астана тойына орай «Қайсар керуен» ашық бұқаралық веложарысы ұйымдастырылады. Бұл қайырымдылық бағытындағы шара 29 маусым күні Салтанат сарайы алдындағы алаңнан басталады. Веложарысқа кез келген астана қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Жарыс алдында әр қатысушыға лотерея билетінің нөмірі ұсынылады. Сәтті нөмір сәйкес келген велошабандоздарға жиырма жаңа велосипед тарту етілмек. Аукцион мен веложарыстан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытып жүрген «Қайсар» спорт клубының тәлімгерлеріне беріледі.

Веложарыс барысындағы қайырымдылық шарасына Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бақтияр Артаев, Ермахан Ибрайымов, Юрий Мельниченко сынды Олим­пиада жеңім­паздары мен меценаттар, отан­дық эстрада жұлдыздары келеді. Сонымен бірге, «Астана» вело­командасының атынан лотты аукцион ұйымдастырылады.

Веложарыстың барлық бағ­дарында алғашқы медициналық көмек көр­сету және қан қысымын өлшеуге арналған нүктелер қарас­тырылған. Салтанат сарайы алдын­дағы алаңда минералды су тарату нүктесі орналасады.

Click to show/hide

Веложарыс бағдарының ұзақтығы – 4600 метр.
Веложарыс мәресі – «Сарыарқа» велотрегі алаңы.
Қатысушыларды тіркеу уақыты – 8:00.
Қатысушыларды қатарға тұрғызу уақыты – 8:40.
Веложарыстың басталу уақыты – 09.00.
Веложарыс мәресі, қатысушыларды сахна алдына тұрғызу уақыты – 09:30.
«Веложарыстың ең жас қатысушысы», «Веложарыстың ең егде қатысушысы», «Спортқұмар отбасы» аталымдары бойынша марапаттау уақыты – 10:00.
Қозғалыс бағытының картасы жеке беріледі.

Бұл веложарыс спорттық дода емес, мұның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жас­тарды белсенді дене шынықтыру мәдениетіне, әсіресе, велосипед спортына тарту.

Әр астаналық тіркелу арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік алады.

Асхат Райқұл

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =