ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРАНЫҢ ҚАЙЫРЫ БАР

0 115

Кеше Конгресс-холл сарайында Астана әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы қалалық  филиалының ұйымдастыруымен «Ел жүрегі – Астана» атты патриоттық әндердің қайырымдылық концерті өтті. Жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлаған кештен түскен қаржы сырқаты ауыр балалардың емі мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жұмсалады.

13_1

Кеш шымылдығын «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков ізгі лебізімен ашып, бүгінгі  айтулы шараны ұйымдастырып, қолдау көрсетіп отырған барлық жанашыр азаматтарға алғысын білдірді.

Концертте «Астана Опера» театрының солисі, дарынды әнші Сүндет Байғожин,  кейінгі кезде жастар қызығып тыңдайтын ағайынды Жүгінісовтер,  «Х-Фактор» жобасының финалисі Татьяна Ким,  «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Шахризат Сейдахмет, «Дабыл» тобы және тағы басқа әншілер көрермендерді әуезді сазбен тербетіп, отансүйгіштік рухтағы әндердің бағын асырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =