Қайырымды істер қаласы

0 19

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 300-ден астам шара өткізілді. Бұл шаралар 66 мыңнан астам адамды қамтып, атаулы көмек пен қолдау көрсетілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов мәлімдеді.«Қайырымды істер марафоны» ұранымен өткен шаралар аясында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер, Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық бөлімшесінің өкілдері мен бизнесмендер жарты жылдың ішінде 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты» деді басқарма басшысы.
Д.Бабамұратов елордалық еріктілердің атқарып жатқан игі істеріне тоқталып, олардың еңбегін ерекше бағалады.

«Қыста волонтерлер мұқтаж отбасылардың ауласын қардан тазартып, дәрі-дәрмегін жеткізіп берді. Мысалы, «Қайырымды істер марафоны» аясында 8 наурыз мерекесі қарсаңында әкімдіктің бастамасымен 2 мыңнан астам азық-түлік себеті үлестірілді. Ол көмекті егде адамдар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар алды. Бұл марафон жылдың аяғына дейін жалғасады. Оны арнайы айтып отырған себебіміз, 30 жылдық аясындағы қайырымды істерге тағы да демеушілер тартып, тек азық-түлік себетін таратумен шектелмей, жалпы мұқтаж отбасыларға жан-жақты көмек көрсеткіміз келеді» деді Дәурен Бабамұратов.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − one =