Қайыры мол қайырымды іс

0 116

Елордада 1 тамыздан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталғаны белгілі. Тоғыз күннің ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 48 балаға 1 миллион 912 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

00000

Биылғы акцияның ұраны – «Бақытты балалық шақ аумағы!». Шара аясында тамыз айының соңына дейін «Бірінші рет бірінші сыныпқа», «Отбасы отбасыға көмектеседі: баланы мектепке жинаймыз», «Балаларға бірге көмектесейік» атты қайырымдылық шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, акция аясындағы тағы бір қайырлы іс, 20-21 тамызда қалалық әкімдік алдындағы орталық алаңда мектеп формасын, кеңсе заттарын, оқу әдебиетін және басқа да заттарды төмендетілген бағамен сатып алуға болады.
Айта кетейік, «Хан Шатыр», «Сары­арқа», «Мега» сауда-ойын-сауық орталықтарында, Орталық базарда, «Шанхай» базарында және «Жаннұр» сауда орталығында тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу үшін киімдер, мектепке керек-жарақтар жинауға арналған контейнерлер орнатылған.
Жалпы, 2016 жылы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды жаппай оқыту қорына жергілікті бюджеттен 159 млн 557 мың теңге бөлінді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + eleven =