Қайыршыға айыппұл салды

0 95

sadaka-asli

Астана қаласының Әкім­шілік соты «Шабыт» ғимаратында өткен көшпелі сот отырысында 10 істі қарады. Ұсақ құқықбұзушылыққа нөл-дік төзімділік қағида­сын қалыптастыру мақса­тындағы шараға студенттер қатысты.

Жалпы, көшпелі сот отырысында ҚР Әкімшілік  құқық­бұзу­шылық туралы кодекстің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойын­ша 8 азаматқа әкім­шілік айыппұл салынды. «Алкоголь­дік ішімдіктерді iшу немесе қо­ғам­дық орындарға масаң күйде келу» бабы бо­йынша бір жыл ішінде құқық­бұзушылықты  қай­та жасаған екі азамат екі тәу­­лікке  қамауға алынды. Сон­дай-ақ, «Қоғамдық орындарда тиісу», яғни 449-бап бойынша қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып жүрген азаматтарға да қатысты әкімшілік іс қаралды. Мәселен, 2017 жылдың 7 ақпанында бел­гісіз азамат Сабыр Рахымов көшесіндегі 95 үйдің маңайында өткінші жұрттың мазасын алып, қайыр сұрау арқылы әкімшілік құқықты бұзған. Астана қала­сының ІІД Жергілікті полиция қызметі тергеу барысында оған «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша бір жыл ішінде екінші мәрте жасағаны үшін әкімшілік хаттама тіркеді. Көшпелі сот отырысында кінәлі деп айыпталып, 10 АЕК (22690 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =