Қайым тапқан қайшылықтар

0 174

Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма,
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің,
Татуды араз, жақынды жат қыларға.

Өлеңнің, өнердің өлермендерін осылай сендірген Абай өлеңі осы. Азаттық аңсары биік, терең Мұхтар Әуезов пен қайыспаған қайсар Қайым Мұхаметхановты сөз сиқырына сұғынтып, орға құлатқан да, өзгелерден бөлекше биік шыңға шығарған да Абай өлеңінің сиқыры.

Қазақ әдебиетінің көсегесін көгертуге ат­са­лыс­қан­ ақынның айнымас жырларын жа­ңа­ бе­лес­ке­ көтерген аз ғалымдардың жу­ан­ ор­та­сында жүріп, сөз сиқырының қи­ян­ шыңына көтерілу – айтуға ғана оңай. Мұх­тар­­ Әу­е­зов арқылы көмбеде жатқан көп сыр­ды­ алдымен ашқан Қайым Мұхаметханов та­р­их­шылар айтпаған ақиқатты алдымен айтты. Ақын жырларының құдіретін түсіну, түйсіну үшін ақынның сырын, жұмбақ жанын ұғатын ұлағат иесі болу керек. Ақындықтың биігіне көтеріліп, сөз сиқырының кілтін аша білген Қай­ым Абай өлеңдерінің жанашыры, жақыны болды.

Қайым үшін Абай шығармаларын жинау, ол­ар­ды­ бастырудағы текст өзгешеліктерін зерт­­теу­ мен анықтаудың мәні үлкен еді. Ақын­ның­­ 1909 жылы басылып шыққан алғашқы өл­ең­дер­ жинағынан бастап, 1921, 1922, 1933, 1948, 1954 жылдары жарияланған өлеңдері тым­ асығыс, үстірт қаралғандықтан, берілген тү­с­ін­ік­тер­де­ қайшылықтар, қателіктер көп кез­де­се­ді. Ақын шығармаларының жазылу тар­и­хын, қате басылып жүрген жеке сөздерді түп­ нұсқасына келтіру жұмысын Қайым Мұ­ха­мет­ханов аса жауапты міндетке санады. 1909­ жылы жарық көрген Абай жинағынан бас­тау алған өлеңдерінің мың сексен алты сө­зі­не түзету енгізді. Соған қарамай, Қайым 1945 жылы жарық көрген толық академиялық жи­нақ­­ты­­ «Абай шығармаларының жыл мез­­гіл­­де­рін­ белгілеу, текстологиялық кем­ші­лік­тер­ негізінде «академиялық жинақ» дә­­ре­­же­­сі­­не­­ кө­те­рі­ле­ алған жоқ» дейді.

Қайымның «Абай шығармаларының текс­то­­ло­гия­сы жайында» атты еңбегі 1959 жы­лы­ қо­лы­мызға тиді. Мұнда ақынның күні бү­гін­ге­ дей­ін дау тудырып келе жатқан кейбір сөз­дері­­ нақты дәлелдермен зерттелген. Ол кез­де­ Қа­зақ­с­танда полиграфия базасының бол­ма­уы,­ баспасөз мамандарының жоқтығы, Абай­дың ал­ғаш­қы жинақтарының сапалы болып­ шы­ғу­ын­ қамтамасыз ете алмағандығын ай­та­ды­ ав­тор.­ Абай өлеңдері Петерборда басылып­­ жатқанда, Кәкітай мен Абайдың басқа бала­­ла­ры­ Семейде отырып корректурасын жүр­­гі­з­уі­­ – осы қиындықтардың айғағы. Төте жа­­­зу­­­мен­­ басылған жинақта қазақ сөздері дәл­­­ме­­-дәл берілмеген, грамматика ережелері сақ­­тал­ма­ған.

Мүрсейіт ақын шығармаларын түгелдей түп нұсқадан көшірген емес. Ол да біршамасын ел аузынан жинақтаған. Сондықтан, Абай шы­ғар­ма­ла­рын­ баспаға әзірлеуде тек 19­09­­ жылы шыққан кітап пен Мүрсейіт қол­жаз­ба­­ла­­рын­ ғана текстологиялық негізге алу жет­­кі­лік­сіз­ еке­нін түсінген Қайым Абай шы­­ғ­ар­­ма­­ла­­рын­­ кө­шір­ген басқа адамдардың да­­ қол­жаз­ба­ла­рын­ пайдаланды. Оразке Жан­­ды­­ба­­ев,­­ Мә­ди­ Әсе­нов,­­ Әкімал Мамыр­­­ба­ев,­ Са­­пар­­ға­­ли­­ Әлім­бе­тов,­ Әр­хам ­Ыс­­қа­­қов,­ Ра­­қ­­ым­­жан­­ Ма­­ш­ыр­­қа­­зов сияқты ха­кім­­нің­ жыр­ла­рын­ жадында сақтап келген азаматтардың мағлұматтарымен са­лыс­тырды. Абай өл­ең­дерінің баспасында, көшірме қол­жаз­ба­ла­рын­да­ кет­кен­ қа­те­лік­тер­дің­ көп­­ші­лі­гін­ түпнұсқасына келтіруде ақын­ шы­­ғ­ар­­ма­­сы­­ның­­ өзі­не­ тән­ ер­ек­ше­лік­те­рі­ же­­тек­­ші­ болды.

Ерекше көркемдік түр мен терең идеялық мазмұны қабысып жатқан Абай өлеңдерінің «бөтен сөзбен былғанып» тұрған жері болса, зер салып үңіле қарап, айнытпай тапты. Аңғармаған адамды адастырып әкететін жазба деректерге аса сақтықпен қараған Қайым қара өлеңге қайыспай қарымды еңбек етті. Ақынның «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өл­е­ңі­ 1954 жылғы жинақта:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті, – деп ба­­с­ыл­­­ған.­ Өле­ң­нің­ соңғы жолына үңіле қа­­ра­­ған­­ Қай­ым­ мағына, мазмұн, өлеңдік қисын­ жа­ғы­нан­ ойсырап тұрғанын көрді. Осы өлеңнің ке­ле­сі шумағындағы:

…Осы үш сүю болады иманға гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахиқ біл, –деген жолдарымен салыстырған абайтанушы әлгіні

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адам­заттың бәрін сүй бауырым деп,
Және сүй хақ жолы деп әділетті, – деп, түзету енгізеді. Абай айтып отырған «үш сүюдің» сыры осылай ашылады.

Абай 1882 жылы жазған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде:
…Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға,– дейді. Осы­ жол­да­ғы­ «көре» деген сөз өлең­­­нің­­ ма­ғы­на­сын­ бұзып тұр. Осы өлеңге берілген түсініктемеде «1909 жылы басылым бойын­ша­ алынды» делінген. Шындығында, олай емес екенін арабша жетік меңгерген Қай­ым­ «Кере тұра қалады» деп басылғанын дә­лел­дей­ді.­ Яғни, дұрыс басылған сөзді зерт­теу­ші­лер­ бұрмалап жіберген. Түлкі аңшыны көр­генде тұра қалмайды, қашады. Үстінен тө­ніп­ келген бүркіттен қашып құтыла ал­май­тын­­ бол­ған соң, «кере» тұра қалады.

Әлі күнге дейін терең зерттеуді қажет ете­тін,­ ақынның жинағына 1933 жылдан­ бас­тап­ қа­на­ ен­ген­ «Қара сөздері» – Қай­ым­ ең­бек­те­рін­дегі жұлынды сала. Мүрсейіттен басқа да бірнеше адамдардың қолжазбаларында сақ­тал­ған. Олардың ішінде бізге мәлімі – Дайырбай Қожанұлы мен Рақым Жандыбайұлының қол­жаз­балары. «Ғақлия кітап» деп аталатын қол­жаз­ба­да­ғы­ сөздерді салыстырғанда осы­ күн­ге­ дей­ін­гі­ жинақтарда басылып жүр­ген­ тәр­ті­бі,­ әрбір сөздерінің соңынан жа­зыл­ған­ уа­қы­ты­ дерексіз, дәлелсіз ой-жо­та­ бе­р­іл­ген»­ дейді ғалым. Бұл сөздерде де қолжазба мен­ жинақтар арасында текстологиялық қайшы­­лық­­тар­ әл­де­не­ше­ рет кездеседі. «От­ыз­ ал­­­тын­шы­­­ сө­з­ін­де­» Абай ұят туралы ай­тып­ ке­ліп,­­ шын­ ұят екі түрлі болатынын түсіндіреді. Он­да­ «Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай­­-ақ,­ бір бөтен адамды көргенде сен ұя­лып­ ке­те­сің.­ Мұның себебі сол, ұят істі қыл­ған­ ад­ам­ды­ есітгендіктен болады» дей­ді.­ Қай­ым­­ның­­ көзіне түскен мұндағы «бөтен сөз» – «есіткендіктен». Абайдың айтып отырған ой-пікірінің мағынасын кетіріп, сиқын алып тұрған сөздің дұрысы «есіркегендіктен» болады деп түсіндіреді ғалым. Қолжазбада, Абай­ жинақтарында дұрыс берілген сөз 1945,­ 1954 жылғы жинақтарда бұрмаланып ба­­с­­ыл­ған.­ Мұх­тар­ Әуезов «Абай жайын зерт­­теу­­­ші­­лер­­ге»­­ де­ген­ ма­қа­ла­сын­да ­өз ­пі­к­і­р­ін­­ ай­­­рық­­­ша­­ қа­дап­ айт­қан:­ «Абай сөзі» деген сөз­ – бір-ақ сөз болса да Абайша шықса жа­ра­­­­сар.­ Абайдың Абайлығы да сонда шығар. Осы­­ Абай өлеңдерінің санын көбейтейік деп өз­­еу­­ре­­ген­­ше,­­ бар сөзінің кенеуін кетірмейік. Аб­ай­ сөзін көбейтеміз деп, көбік етіп ал­майық»­­ ­деген ол.

Дүниеде ақылды адамдар көп, әйтсе де,­­ өзге кісінің орнына өзін қойып, жү­ре­гі­мен­ жү­ре­гі­нің­ жылуын жалғастырып, бө­л­іс­кен­дер­ некен-саяқ. «Сал демеймін сөзіме ықы­ла­сың­ды, Қайғылы өлең еттім өз басымды» деп­ Абай айтқан бейнетқордың өзі Қайым Мұ­хаметханов.

Ендеше, Абайдай кемеңгердің алдында жүрген жүрісімен, азды-көпті ісімен жұртқа жақсылық жасап, жан шуағын тарата білген Қайымдай ғалымдардың ісі ойлы, сауатты, ни­е­ті­ адал, бағыты дұрыс. Әрине, Абай сал­ған­ жол өзінің ұшығына жеткен жоқ. Мерейлі шақ­ әлі алда.

Алмахан МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ, Қазақстан-Ресей университеті
«Абайтану» орталығының директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + 20 =