©2020 Астана Ақшамы
Қайта жаңарған ғимарат
Ақмола қаласындағы бұрынғы Спортивный көшесі (қазіргі Жеңіс даңғылы) мен Ленин көшесінің (қазіргі Абай даңғылы) қиылысында орналасқан мына ғимаратта ұзақ жылдар Ақмола облысының теміржол басқармасы отырды.
Кейін ел астанасы Арқа төсіне қоныс аударғанда мұнда екі-үш жылдай Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі жайғасты.
2020 жылы бұл ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жаңартылды. Қазір оның бір қанатында Қазтранстелеком мен коммерциялық мекемелер орналасса, екінші қанатында түрлі тауар сататын дүкендер орын тепкен.