«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қайраткер ұрпағымен кездесті

0 27

Нұр-Сұлтан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты орталық жасөспірімдер және балалар кітапханасында Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай көрме ұйымдастырылып, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың немересі, тарих ғылымдарының кандидаты Перизат Сәдуақаспен кездесу өтті.

284305114_705889520865797_213968331120862360_n

Ақмола уезі Сарысу болысы Төссаз ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында туған Жанайдар Сәдуақасов Ақмола қаласындағы орысша оқытатын приход мектебін, Омбыдағы ересектерге арналған гимназияны бітірген.

Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Дінше Әділов сынды азаматтармен ниеттес, пікірлес болды. Омбы большевиктерінің басшылығымен жұмыс істеген «Қазақ жастарының демократия­лық кеңесі» астыртын ұйымын басқарды. Колчак бұғауында жатқан С.Сейфуллин, А.Асылбеков, Ж.Нұркин, Б.Серікбаевты құтқару жолын іздеп, оларды хат-хабар арқылы рухтандырып отырды. Ақыры С.Сейфуллинге түрмеден қашуға жәрдемдесіп, оған жалған құжат жасап берді. Бұл оқиға С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында жазылды.

Жанайдар Сәдуақасов Ақмола уезінің халық соты, қаржы халық комиссарының орынбасары, әділет халық комиссары, республика прокуроры, Алматы облысы және қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, басқа да қызметтерді атқарды. 1932 жылы Ораз Жандосов­пен бірге халықты аштықтан құтқару жөніндегі арнайы комиссияны басқарды. 1937 жылы 17 қыркүйекте қамауға алынып, «халық жауы» деген жалған жаланың құрбаны болып, 1938 жылы 25 ақпанда атылды. 1957 жылы КСРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды.

Кездесу қонағы атасының өмірбаянымен таныстырып, әулет жайында әңгімеледі. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды