Қайраткер киген костюм

0 109

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин туралы кейінгіге жеткен аңыз көп. Соның ішінде ардақты азаматтың сырбаздығы мен талғампаздығы туралы жиі айтылады. Шынында да, Сәкен атамыз өте көрікті адам болған.Сыршыл ақын Сырбай Мәуленовтің тұғырлы тұлғаға арнаған өлеңінде «Қазақты көргің келсе міне, осы деп. Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын» деп жазғаны да оның сымбатты болмысын айшықтай түседі. Ақынның сырт келбеті туралы жазушы Сәбит Мұқанов естелігінде: «Костюмімен ғана отырған Сәкенге енді қарасам, кес­кіні шынында да адамзаттың көркемі екен. Қыраусыз қап-қара қалың қасы, қою ұзын мұрты өзі сұлу ажарын ерекше шешіп тұр!.. Сол жылғы жасы 28-ге ғана толғанымен, кескіні сақа жігіт сияқты… Оң жақ білегіне салған, қара алтынмен әшекейленген сом, бұрамалы күміс білезік пен қайырмалы ақ жағаға тағылған галстук» деп жан-жақты баяндайды. Сәкен атамыз өзі өмір сүрген дәуірде Еуропа стилінде талғаммен киініп, оны көшеден көргендер көз салмай өтпеген. Соның бір дәлелі ретінде бас шаһардағы Сәкен Сейфуллин музейінде асыл ақынның костюм-шалбары сақталған. Бұл жәдігер әлі де ине-жіптен жаңа шыққандай жарқырайды. Қазір қайраткерден қалған мұра мұражайдың төрінде ілулі тұр.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − four =