«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қайрат ЫСҚАҚОВ: ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖҰМЫСШЫЛАР МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ

0 169

кайрат

Қайрат ЫСҚАҚОВ, Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары:

    

– Жыл басынан бері Басқармаға қанша адам хабарласты?

– Үстіміздегі жылдың он бір айында біздің Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 1947 өтініш түсті. Сонымен бірге 500-ден астам адамға еңбек заңнамасы және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ауызша кеңес берілді. Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау барысында 584 заң нормаларын бұзушылық анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша оларды жоюға 201 ұйғарым беріліп, 35,7 млн теңге сомаға 296 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 25,3 млн теңге өз еркімен өндірілді.

– Жалақыны уақытылы төле­мей­тін жұмыс берушілер әлі де бар ма?

– Бүгінгі күнде еңбекақыны кешік­тірген жұмыс беруші жоқ. Ал, 2014 жылдың 1-желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік еңбек инс­пек­торларының дереу араласуымен 543 жұмыскердің алдындағы ең­бек­ақысының берешегі бойынша 85 млн теңге төленді.

– Еңбек заңнамасының бұзушы­лықтарын болдырмау мақсатында тағы қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

– Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша «Есіл» ауданы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратында ашық есік күні өткізілді. Ондағы мақсат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау үшін жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

Сонымен бірге біздің Басқармада интернет-ресурс толық көлемде жұмыс істейді. Онда еңбек заңнамасы мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Жұмыс берушілердің және жұмыс­керлердің көмегіне» деген бөлім қосылған.

Жалпы мемлекеттік еңбек инспекторлары елдегі еңбекшілердің мүддесін қорғайды. Олар көбінесе жалақыны төлемеу, жалақыны кешіктіру, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалуына өтемақы төлемеу, еңбек шарты тоқтатылған уақытта қызметкерлерге тиісті соңғы есеп айырысуды жүргізбеу, еңбек шартын жасақтамау, еңбек шарттарын заңсыз бұзу фактілері бойынша ша­ғымданғандардың мәселесімен айналысады. Осындай еңбек заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау үшін біздің Басқармадағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге де, жұмыскерлерге де әртүрлі құқықтық көмек көрсетуге дайын. Бұл ретте біз азаматтарды  күн сайын дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдаймыз немесе www.uit.astana.kz сайты арқылы өздеріңізге қажетті барлық ақпараттарды алуға болады.

 

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды