Қайдағы-жайдағы

0 259
  • Қызға жігіт – комикс, жігітке қыз – көп икс.
  • Жұпары жоқтар алқымына иіссу себеді.
  • Статистикаға сүйенсек, Сирекшаш үйленгенде, 6 қыз өкініпті.
  • Шал-кемпірдің бір баламасы – көп жасаған ұл мен қыз.
  • Қазақ әжелер немерелерін «Бұзық болсаң, шекараға жіберем!»

деп қорқытады енді!

  • Жұрт Алматыны Алма-Ата деп өзгерткісі келеді. Олай болса, мен

Аста-Анада тұрамын ғой?!

  • Ағасы бардың жағасы бар… Танысы бардың шансы бар!
  • Масаның еркегі шөптің сөлімен қоректенеді екен. Ал, ұрғашылар

қанды ішіп бітті әбден!

  • «Әттең, үйде ұн жоқ. Май болса, көрші үйден қазан алып,

бауырсақ пісірер едім» депті бір байғұс…

  • Сәбетский қыздарды сағындым.
  • Салафитке таудай талап бергенше, бір қарыс балақ бер!..
  • Жылу шешіндіреді, суық киіндіреді, түн жатқызады, таң

тұрғызады… Табиғатты сондықтан ана дейміз!

 

Сурет те сыр шертеді

«Қыз деген – гүл ғой…».

 

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × five =