Қайда шомылуға болады?

0 100

Елордада су нысандарын тізімдеу жұмыстары жүріп, нәтижесінде жүзуге арналған 23 орын анықталды. Оның ішінде Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтарына рұқсат етілді. Судағы қауіпсіздік пен су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері жайлы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Есен Байыров баяндады.Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаменті қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қажетті іс-шараларды қарқынды жүргізуде.
«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында ТЖД күштері мен құралдары, 29 құтқарушы-сүңгуір, сүңгуірлік жарақтары бар 2 бірлік жедел-құтқару техникасы, 6 бірлік жүзу құралы (2 катер, 4 қайық) және басқа да құтқару жабдықтары пайдалануға дайын. Күн сайынғы рейдтік шараларға 80-нен астам маман жұмылдырылады. Ал демалыс және мереке күндері қызметкерлер саны артады» деді Есен Байыров.

 Рейдтік іс-шаралар кезінде елорда тұрғындарымен және қонақтарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды ақпараттандыру мақсатында ТЖД әкімдікпен бірлесіп, 140 тыйым салу белгісін, 20 ақпараттық стенд және 20 жүзу белгісі шомылуға тыйым салынған орындарды орнатты.
«Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 2020 жылдың шомылу кезеңінде 5 адам қаза тапты. Биыл шомылу кезеңі басталғанға дейін елорданың су айдындарында қайғылы оқиғалар болып, 3 адам (оның ішінде 1 бала) мерт болды. Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда мас күйде шомылу, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру» деді құзырлы мекеме өкілі.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 17 =