Қай кезде ғайбат айтуға болады?­

0 189

Ислам ғалымдары, айтып жет­кізудің басқаша жолдары болмағанда, яки адамды түзе­ту мақ­сатында айтылуға рұқсат берілген ғайбаттың мына алты жағдайда болатынына ортақ пікірлерін біл­дірген: 1. Жәбірленуші ақысын алу үшін өзіне зұлым­дық жасаған адамға арызданып, «ол маған мынаны-мынаны істеді» деп мем­лекет басшысына, сотқа немесе сол залым адамнан ақы­сын алып беруге шамасы келетін адамға сыртынан сөз айта алады. 2. Жаңылыс бір әрекетті түзету және күнә жасаған кісіні дұрыс жолға салу мақсатында жәрдем сұрап, ол жайлы сөз айтуға болады. Оның ниеті тек жамандықты түзету жағында болу керек, әйтпесе, басқа мақсатта болса, онда ол харам болмақ. 3. Пәтуа сұраған кезде ғайбатқа рұқсат етіледі. Пәтуа сұраушы кісі «Әкем, бауырым, жолдасым немесе пәленше маған былай әділетсіздік жасады. Бұлай жасауы дұрыс па? Одан ақымды алып, жасаған зұлым­дығынан құтылу үшін не істеуге болады?» деп айта алады. Асылы, адамдардың аттарын атамай-ақ «былайша әрекет еткен бір кісі жайлы не айта аласыз?» деуі жөн бол­са да, мұндай жағдайда атын атау да күнә емес. 4. Залал­дың алдын алу, зиянға жол бермеу мақсатымен мұсыл­ман бауырын ескерту үшін наси­хат жасаған кезде. Біреу екінші бір адаммен ортақ жұмыс істегісі келіп, оны тани­тын адамдарынан келе­шекте бірге жұмыс істей­тін адамы жайлы пікір сұраса немесе оған аманат табыс еткісі келсе не онымен көр­ші болғысы келсе, оны тани­­тын кісі ешқандай жаман ниет­сіз оның кемшілік­те­рін ашық айтып, ол жайлы мәлімет бере алады. 5. Іш­тей еш дұшпандық ойлап кем­сіт­пестен тек таныту мақ­са­тында «ана ақсақ кісі ше» немесе «ана соқыр кісі бар еді ғой» деп айтуға болады. Басқа сыпайы сипат­тарымен таныту мүмкін бол­са, сол сипаттарын қолда­нып танытқан абзал. 6. Ашық­тан-ашық күнә істеп, бұдан еш ұял­маған, тіпті, жаса­ған күнә­ларын мақтан тұт­қан пасық адамның сыр­тынан сөз айтуға болады. Пайғамбарымыз «па­сық пен күнә жасаудан қы­сылмай жария ететін (мужаһир) адамдардың сыр­тынан айтылған сөз ғай­бат болмайды» (Муслим, Зуһд, 52) десе, тағы бір хади­сінде «ұяттан жұрдай болған адамның ғайбаты жоқ» (Бәйхақи, Сунән, Х, 10; ән-Науауий, Нузһатуль-муттақин шарху Риядус-салихин, Бейрут, 1991, 2/271-273) дейді.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =