Қадыров ғалымды қадiрлесек…

0 138

Елiмiз егемендiгiн жариялап, өз бетiмен мемлекет құрып, аяғын тәй-тәй баса бастаған 91-шi жылдары Ақмола қаласындағы беделдi жоғары оқу орындарының бiрi С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетi заман талабына сай оқу үдерiсiне өзгерiстер енгiзiп, ауыл шаруашылығын, соның iшiнде ветеринария саласын қазақ тiлiнде сөйлет-пекке қадам жасаған едi. Сол жылдары осы батыл бастаманың бастауында атақты гельминтолог ғалым Константин Скрябиннiң шәкiртi, белгiлi ғалым, паразитолог, биолог, гельминтолог, есiмi Астана қаласының «Алтын кiтабына» енгiзiлген, Астана қаласының құрметтi азаматы – Нұрғали Тәсiлұлы Қадыров болып едi.
Нұрғали Тәсiлұлы – Солтүстiк Қазақстан өңiрiне қажеттi ауыл шаруа-шылығы мамандарын дайындау үшiн ашылған ауыл шаруашылығы институтының алғашқы оқытушыларының бiрi. 1974 жылы «Ветеринария» мамандығының ашылуына елеулi үлес қосты. Ол кiсiнiң өткiзген сабақтары, оқыған дәрiстерi қайталанбас ерекше дүние болатын. Студенттер бiр айтқаннан қабылдап, ұғып алушы едi, қатты ұрсып жатпаса да мысы басады ма, әйтеуiр ең қиқар дегендердiң өзi тыныш отырып, айтқанын бастан-аяқ жазып алуға тырысушы едi. Сол жылдары оқытушылық өмiрiмiздi ендi ғана бастаған бiздер үшiн, ол – ұстаздықтық пен адамдықтың үлгiсiндей болды. Осындай адамдардың шәкiртi, iзiн жалғастырушы болғанымызды мақтан етемiз.
Ол бiр қиын-қыстау кезең едi. Қазақ тiлiнде оқулық, оқу құралы, әдiсте-мелiк нұсқамалар болған жоқ. Жасақталған қазақ топтары үшiн әр сала-ның мамандары жасаған аудармалар, сол адамдардың жеке тәжiрибесi ғана бiлiм беру құралы болғанын мойындау керек. Санаулы жыл iшiнде Нұрғали ағамыздың араласуымен бұл олқылықтардың орны толтырылды.
Ол кезде Ақмола қаласы мен институттың оқу-тәжiрибелiк шаруашылық орталығы (учхоз) Интернациональный кентiнде орналасқан болатын.
Учхозда (оқу-тәжiрибелiк шаруашылық) бiлiм берген, учхозда бiлiм алғандар үшiн сол жылдардың естен кетпестей жылдар болғаны анық. Өзiндiк қиындығы да жеткiлiктi едi. Екi арада автобус қатынасы тоқтап қалған болатын. Қырқыншы стансасына қатынайтын №22 автобус марш-рутының соңғы аялдамасына дейiн жетiп, Интернациональный кентiне дейiн жалғыз аяқ соқпақ жолмен жаяу қатынап оқыған жылдарды сол кездiң студенттерi естерiне жиi алатын болар. Сол соқпақты «бiлiм соқпағы» деп атайтын өздерi.
Тәуелсiздiк жылдарының қаһармандарын айқындап, тиiстi марапатқа лайық адамдарды түгелдеп жатқан тұста қала басшылығына осы Интерна-циональное кентiнiң оқу ғимараты мен студенттер жатақханасы орна-ласқан көшесiне ветеринария саласының майталманы, профессор Нұрғали Қадыровтың аты берiлсе ғой деген тiлегiмiздi жеткiзгiмiз келедi.
Қазiр бiздiң университет басшылығы осы бағыттағы жұмыстарды жасап отыр. Атақты физиолог И.Павловтың «медицина дәрiгерi адамды емдесе, ветеринар дәрiгерi адамзатты емдейдi» деген сөзiмен қорытындылағым келедi.

А.АХМЕТОВ,
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың Ветеринариялық санитария кафедрасының доцентi, Ветеринария ғылымдарының кандидаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 11 =