Қабылдау мерзімі ұзартылды

0 12

Елордада «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау жалғасады.

211026130804906a3853733i

Құзырлы мекеме қатысушылардың көп болуына байланысты құжат қабылдау мерзімін тағы екі күнге ұзартты. Үміткерлер 2021 жылдың 13 қарашасына дейін qatysu.zhilfond.kz порталында электрондық форматта өтініш бере алады. Бүгінге дейін бұл бағдарламаға қатысуға 2 340 өтініш түскен.

Толық ақпарат пен қажетті құжаттар тізімін qatysu.zhilfond.kz порталынан алуға болады. Ол жерде сұрақтарды қоюға мүмкіндік бар, кеңесшілер онлайн жұмыс істейді. Сондай-ақ азаматтар iKomek109, қалалық Жастар саясаты басқармасына мынадай нөмірлер бойынша хабарласып, ақпарат алуға мүмкіндігі бар:   +7 700 725 17 32.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =