Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театры

0 230

23.10.2013

Ш.Айтматов, «АҚ КЕМЕ», драма
Адамзаттың табиғи тепе-теңдігінің бұзылуы баланың жан толғанысы арқылы беріледі. Алайда, кішкентай
пәк көңіл тіршілік иесінің қиянатқа қарсы тұрар еш дәрмені жоқ.
Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов.
Басты рөлдерде: Д.Әлімов, А.Омар, К.Нұрланов.

 

16.10.2013

Ш.Айтматов. «Ғасырдан да ұзақ күн», драма
Бұрынғы майдангер, бүгінгі қарапайым теміржолшы Едіге өзінің досы Қазанғапты соңғы сапарға шығарып салады. Сертке берік Едіге осы аманатты орындау жолында талай кедер­гі­лерге жолығады.
Режиссері: Халық қаһарманы Ә.Мәмбетов.
Басты рөлдерде: Б.Ыбыраев, Б.Исабекова.

 

24.10.2013

Қ. Жүнісов, «Махаббат­ мелодрамасы»­ ­­­
Махаббат сезімі – ар тазалығы, жүрек адалдығы, неке беріктігі. Осыны қадірлемеген желкілдек жастар – жат мәдениеттің құрба­ны­на айналуда.
Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Ұзақов
Басты рөлдерде: Т.Мұзапарова, Ж.Оспанов, Ж.Ерболат

 

25.10.2013

Т.Ахтанов, «Күшік күйеу», комедия
Спектакльде жаңашыл көзқарастағы әйелдің қызын тұрмысқа беру үшін «күшік күйеу» іздегеніне куә боламыз. Алайда, басты мәселе – екі жастың көңіл жарастығында екендігі кеш ескеріледі.
Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Ұзақов
Басты рөлдерде: ҚР еңбек сіңірген қайраткері К.Қожахметова, Б.Исабекова

 
26.10.2013

С.Тұрғынбекұлы, «Мұқағали», поэтикалық драма
Қойылымда ақынның қоғамнан көрген қиянаты, жан күйзелісі баяндалады. Жыр ақиығы өмір сүріп отырған орта­ның хал-ахуалы көрермен көз алдында өріледі.
Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Ұзақов
Басты рөлдерде: Ж.Төленбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Г.Қылышбай, А.Нөгербек.

 

27.10.2013

Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский, «Қыз Жібек», музыкалық трагедия
Дастан негізінде жазылған пьеса – қазақ драма­тур­гия­сының інжу-маржаны. Бірін-бірі шын сүйген ғашықтар. Бірақ, әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры жанарға жас үйірілтпей қоймайды.
Қоюшы режиссері: ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері С. Қамиев
Басты рөлдерде: Г.Жүсіпова, Г.Сүгірбаева, Ж.Ерболат, О.Жақыпбеков

 


 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − seven =