ПТР әдісімен ақылы тестілеу

0 19

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясына ПТР әдісімен ақылы тестілеуден өтуге болатын жеке медицина ұйымдарының тізімін ұсынды.
Атап айтқанда,

Ұлттық сараптама орталығында, «Мейірім» ЖШС, «BIO Lab» ЖШС-де ПТР тестінің бағасы 8000 теңгеден басталады.

Ұлттық ғылыми медициналық орталық, «Invivo» ЖШС, «Олимп» КДЛ, оның елордадағы филиалы «Мырза-хан» ЖШС, №2 көпсалалы қалалық аурухана, №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы, Президенттің іс басқармасының зертханасында тестілеу 9-11 мың теңге аралығында жүргізіледі.

«Геном Плюс» ЖШС-де, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында және KF UMC Республикалық диагностика орталығында 12-15 мың теңгеге тест тапсыруға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × four =