Психологтардың кеңесі пайдалы

0 227

Кәмелетке толмағандарды сот өндірісінде бағыттау орталығы №39 кешкі мектепте психологтардың қатысуымен тренинг өткізді.

«Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 9-сынып оқушыларының арасында болған бұл жиында психолог мамандар өз ойларын ортаға салып, жастарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Тәрбиесі қиын жеткіншектер өздерінің ішкі қиналыстарын да, кездескен кедергілерін де айтудан қымсынбады. Психологтар тығырықтан шығу жолдарын оларға өз тәжірибелері арқылы түсіндірді. Төремұрат Аймағанбетов, Азат Қуатов, Ксения Чайка, Гүлдана Алтынбекова сынды мамандардың қатысуымен осындай тренингтер қаланың басқа мектептерінде де жалғасады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 9 =